Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Тұңғышбай Жаманқұлов бюджет қаражатын жымқырғанын мойындады

Тұңғышбай Жаманқұлов. Фото: Halyksozi.kz

«Жақында ұсталған Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің қорғаушысының қатысуымен «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырғанын толық мойындады және өз айыбына өкініп, келтірген шығынды өтеуді мойнына алды. Тұңғышбай Жаманқұлов қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырғанын растады және бюджеттік қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ ол ҚР ҚК 65-бабына сәйкес, кепіл төлеу арқылы шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату шарасын қолдану туралы өтініш жазды. 3 қарашада Тұңғышбай Жаманқұлов шығынды ішінара өтеді және оның қоғамдағы орны, жасы және кепілзат төлегені назарға алынып, Жаманқұловқа қатысты «кепіл» шарасы қолданылды. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтініш Тұңғышбай Жаманқұлов, Н.Юдина және Г. Ысқақова келтірілген шығынды толық өтеген соң қаралады», — деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, 2 қарашада аталған қаржыны жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған еді.

2 комментария на «“Тұңғышбай Жаманқұлов бюджет қаражатын жымқырғанын мойындады”»

  1. Шындыққа сай келмейді.Бұны жоғарыдағылар жасап отырғой кімге жақпады екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *