Алматыда 120 жас отбасыға пәтер кілті табысталды

Жас отбасыларға пәтер кілті мен құжаттарын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов салтанатты түрде табыстады. Қала әкімі орынбасары өз сөзінде Алматы қаласында мемлекеттік бағдарламалардың ойдағыдай жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

«Бұл тұрғын үйлер «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Жалпы, осы бағдарлама шеңберінде «Саялы» шағын ауданында 15,3 млрд. теңгеге 65 көпқабатты тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін тағы үш көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі», — деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Сонымен қатар, ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жас Қанат» шағын ауданында 12 тұрғын үй (760 пәтер) салынғанын атап өтті. Бұдан басқа, биыл жыл соңына дейін «Саялы» және «Жас Қанат» шағын аудандарында 13 көпқабатты тұрғын үй (834 пәтер) салынады.

Алматының ежелгі 1000 жылдық тарихына үңіліп, сонау – қола дәуірі, ерте темір, орта ғасырлар, XIX ғасырдан, яғни Верный аталғаннан бастап, бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу, даму, өркендеу жолын көрсету. Өткені мен бүгінін саралай отырып, көрерменнің болашақты бағамдауына жағдай жасау.