Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі адамға көбейді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі адамға көбейді

Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп науқастардың бірі шетел азаматы, Лондоннан келген 1976 жылғы дипломат екенін айтты. Екінші науқас — Қазақстанның 1970 жылы туған азаматы. Екеуі де қазір стационарда.

22 наурыздағы 09.00-де Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 56-ға жетіп отыр.

Оның 31-і Нұр-Сұлтанда, 22-сі Алматыда, екеуі Қарағандыда, біреуі Алматы облысында.

Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан мен Алматы түгел жабылды, шұғыл қызмет көліктері мен жүк тасымалдаушылардан басқаларға 22 наурыз күнгі 00.00-ден бастап қос қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да