Басты бетҚоғамАлматы облысында...

Алматы облысында балалар жазушысы Рима Әбіқаеваның кітабы таныстырылды

Рима Әбіқаева — Ресейдегі И.А.Бунин атындағы Жаратылыстану ғылымдары академиясының күміс медалінің иегері. Жазушы 2-9 жас аралығындағы балаларға арнап өлеңдер мен ертегілер жазады. Шығармаларының негізгі идеясы балаларды мейірімділікке, отбасына деген махаббат пен табиғатты сүюге тәрбиелейді. Қазіргі уақытта 45 кітабы жарық көрген, оның ішінде 29 ертегі мен 70 өлең бар.  Бір кітаптың ішіндегі  суретті салуға 5 суретші 9 ай көлемінде жұмыс істеген. Кітаптарды бастауыш сыныптар мен балабақшаларда оқу құралы ретінде пайдалануға болады. Себеб шығармалары қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылып, басылған. Заман талабына сай үштілділікті меңгеруге маңызы зор.

Балалар, сіздердің жастық шақтарыңыз өте тамаша өтіп жатыр. Өмірде ең қиыны — балалардың құрметіне қол жеткізу. Бұл үлкен еңбек пен шеберлікті талап етеді.  Егер біз ертегілермен өмір сүрмесек, жақсылық пен ғажайыптарға сенбесек, онда бүкіл әлем болашақсыз қаңырап бос қалады. Демек, біз армандауға, осы арманға қол жеткізуге, оны жүзеге асыруға ұмтылуымыз керек, -деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашова.

Кеш барысында автордың бірқатар туындысы кітапхана қорына табысталды.