Семей полигонындағы «радиоактивті» ферма қалай жұмыс істейді?

Ферма Семей полигонының Тәжірибелік алаңында орналасқан. Бұл жерде 1949-1962 жылдар аралығында барлығы 116 жерасты және жерүсті ядролық сынақтар өткізілгені баршаға аян.

ядролық полигон атом Семей
Саңырауқұлақ тәрізді ядролық жарылыстың суреті осы алаңда түсірілген

Ұлттық ядролық орталықтың ғалымдары 10 жыл бойы радиоактивті заттардың сол аймақтағы жануарлар мен құстарға қалай әсер ететінін зерттеп келеді. Ол үшін жаз бойы фермадағы жануарларға «радиациялық» диета ойластырып, оларға полигон аймағында өскен шөп пен жерасты ядролық сынақтары жүргізілген Дегелең аймағының суын береді. Кейін радионуклидтердің жануарларға қалай әсер еткенін зерттейді.

тәжірибелік ферма семей полигоны
Ғалымдардың айтуынша, зерттеудің екі мақсаты бар — ғылыми және шаруашылық.

«Чернобль, Фукусима мен Кыштым апаттарынан кейін сол аумақтардың топырағында цезий шамадан тыс көбейіп кетті. Ал, біздің полигонда америций, плутоний сияқты уран элементтері өте көп. Бұл элементтер әлем бойынша өте аз таралған. Сондықтан, трансурандық заттардың тірі ағзаға қалай әсер ететінін зерттеу керек. Бұл өте өзекті сұрақ. Әлемде бұндай зерттеулер жасалмаған десек-те болады»,-деді ҰЯО аясындағы «Радиациялық қауіпсіздік пен экология Институтының» басшысы Сергей Лукашенко.

тәжірибелік ферма семей полигоны

Биылғы жылы тәжірибе жаңа деңгейге өткен. Қазір фермада Ежик есімді торай мен он шақты қой мен тауықтар бар. «Фермалық» тәжірибе аяқталған соң ғалымдар арасынан шыққан еріктілер осы торай мен тауықтың етін жеп көреді. Бұл радиоактивті затпен қоректенген жануар етінің адам ағзасына әсерін анықтауға көмектеседі. Зерттеулер әзірге бұндай азықтың адамға қауіпсіз екенін, сондай-ақ Семей полигоны аймағының 90 пайызы ауыл шаруашылығына жарамды екенін көрсетіп отыр.

тәжірибелік ферма семей полигоны

Тәжірибелік алаң туралы қысқаша:

семей полигоны инфографика
Инфографика Ливень Living Asia порталынан аударылды

Айта  кетейік, алдағы жылдары Семей полигонының аймағын ауыл шаруашылығына беру жоспарланған. Сондықтан сынақ жасалған жердің суын ішіп, шөбін жеген жануардың еті мен сүтінің қауіпсіз екеніне көз жеткізу керек.

Сауалнама: Сіз Семейдегі ядролық сынақ полигоны аймағын ауыл шаруашылығына беруге келісесіз бе?

ДереккөзLivingAsia