Осы жылдың алғашқы айында шоколад өндірісі былтырғы қаңтарға қарағанда бірден 8,3%, печенье өндірісі 2,2% артты.

Шоколад пен басқа да кондитер өнімдерін өндіру жөнінен Алматы алда: қаңтарда республика бойынша өндірістің 52,4%-і Алматыға тиесілі болды. Дегенмен 2019 жылдың қаңтарына қарағанда өндіріс көлемі 2,7% аз.

Шоколад пен одан жасалатын өнімдерді өндіру жөнінен Алматыдан кейінгі орындарда Қостанай және Алматы облыстары тұр.

шоколад

Печенье мен тәтті нан нарығында да, шоколад нарығында да отандық өнімге қарағанда импортқа сұранысқа жоғары. Былтырғы 12 айдың қорытындысы бойынша печенье мен тәтті нан нарығында импорттың үлесі — 38,6%, шоколад пен одан жасалатын өнімдер нарығындағы импорттың үлесі — 51,6%.

Дегенмен «Рахат» АҚ мәліметінше, компания өнімдерінің 25%-ін шетелге сатады. Қазақстан өнімін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай сатып алып отыр.

2020 жылдың қаңтары мен ақпанында Қазақстанда кондитер өнімдерінің бағасы былтырғы алғашқы 2 айға қарағанда 7,1% өсті. Ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша шоколад бір жылда 9,2% қымбаттағаны белгілі болды.

шоколад

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!