11 өңірде күнкөріс минимумы еліміздегі орташа деңгейден төмен

Бұл 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11,6% көп. Еске салайық, 2020 жылдың басында инфляция 6% деңгейінде болды.

Finprom.kz мамандарының мәліметінше, 2019 жылдың ақпанында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 27,1 мың теңге болған еді, ол кезде көрсеткіш бір жылда 4,2% өсті.

Күнкөріс

Ең төменгі күнкөріс мөлшері республика бойынша Маңғыстау облысында жоғары болып отыр: 35,7 мың теңге. Нұр-Сұлтанда 34,1 мың теңге, Алматыда 33,4 мың теңге.

Қазақстанның 17 өңірінің 11-інде күнкөріс минимумы орташа республикалық шамадан төмен. Павлодар облысында 26,4 мың теңге, Батыс Қазақстан облысында 27 мың теңге, Ақтөбе облысында 27,4 мың теңге. Бұл өңірлерде күнкөріс минимумы республика бойынша ең төменгі деңгейде.

Күнкөріс

Ақпанда 13 жасқа дейінгі балалар үшін күнкөріс минимумы 24,3 мың теңге, 14-17 жас аралығындағы ер балалар үшін 38,3 мың теңге, осы жас шамасындағы қыз балалар үшін 29,3 мың теңге болды.

Ер зейнеткерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі — 30,4 мың теңге, әйел зейнеткерлер үшін 26,2 мың теңге.

Күнкөріс

Қазақстандағы әлеуметтік төлемдер күнкөріс минимумына қарай белгіленеді. Ол айлық жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшерін белгілеуге негіз болады. Кедейлік шегі мен халықтың жалпы өмір сүру деңгейі де соған қарай анықталады. Қазақстанда күнкөріс минимумы барлық жас шамасы бойынша әйелдер үшін ерлерге қарағанда аз мөлшерде.