Елдің мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасаған Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, саясат қайраткері биыл қаңтардың соңында асқазанындағы ісікке операция жасатқан.
Хосни Мүбәрак 1928 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Ол Мысырды 1981-2011 жылдар аралығында басқарды. 30 жылғы биліктен соң 2011 жылдың ақпанында елде жаппай толқу болып, салдарынан Президент отставкаға кетуді ұйғарды.
Бұдан соң оған сыбайлас жемқорлық пен ереуілшілер қазасы бойынша айып тағылды. Хосни Мүбәрак 6 жыл түрмеде отырды. 2017 жылы бостандыққа шығып, өмірінің соңына дейін Каирде тұрды. Кейінгі 9 жылда ол бірнеше рет ауруханаға түсті.
Айта кетейік, Қазақстандағы Мысыр ислам мәдениеті университетіне «Нұр-Мүбәрак» атауы Хосни Мүбәрактың құрметіне берілген. Жоғары оқу орны 2003 жылы ашылды.