Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қанат Ислам Аллотейді жеңіп кәсіби рингтегі 22-жеңісіне жетті

©Көрнекі фото

«Алматы Арена» спорт сарайында күллі қазақ жұрты көптен күткен бокс кеші өтті. Лықа толған Аренада жанкүйерлер өте жақсы белсенділік танытты. Қанат Исламның қарсыласы ганалық 25 жастағы боксшы Патрик Аллотей кәсіпқой рингте 36 кездесу өткізіп, 34 кездесуде жеңіске жеткен, екі кездесуде жеңілген. Ал Қанат Ислам кәсіпқой рингте 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол 19 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған.

Жәнібек Әлімханұлы Милтон Нуньеспен (Колумбия) өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін айқын жеңіспен аяқтады.

Қанат Ислам WBC (Әлемдік бокс кеңесі) рейтингісінде 5-орында тұраған болатын. Аллотейді жеңгеннен соң рейтингте үздік үштікке енеді. Бұл рейтинг Қанат Исламға кез келген уақытта әлем чемпионы атағын таласуына мүмкіндік береді.

Қанаттың Кәсіпқой Бокстағы жаттығуына белгілі меценат «ZHERSU» ЖШС корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов демеушілік етіп келеді. Сондай-ақ аталған бокс бәсекесін өткізуге Алматы әкімі Бауыржан Байбек, іскер Кеңес Рақышев зор демеушілік көрсетті.

Мақалаға реакция

13 Пікір

  1. А
    анон 10 жыл бұрын
    Крос)
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    сизди женисинизбен кутыктаймын
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    сізды жеңысыңызбен құттықтаймын
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жеңіс құтты болсын. Жарайсың Қанат Ислам
  5. К
    Көркем Болат 10 жыл бұрын
    Құттықтаймын!
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Керемет !!! Аркашанда алдыңғы орындардан корине бер !!! Алға !!!
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жарадын , осындай женистерге жете бер
  8. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Молодец Қанат!саған əрдайым Аллам жар болсын!
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      жарайсың қазақта сендей жігіттер көп болсын
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Маа шаа Аллах, бауырларымыз жеңістеріңіз құтты болсын!!!! Сіздердей Қазақтың батырлары көп болсын!!!
  10. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қанат жеңісің құтты болсын! Құдай тіл-көзден сақтасын. Сен сияқты жігіттер қазақтың мақтанышы.
  11. А
    Абдураимова Ару 10 жыл бұрын
    Молодец!!
  12. А
    Акбар 10 жыл бұрын
    Крос