2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқының саны 18,63 миллион болды. Халық саны былтырғы қаңтардың басына қарағанда 236,6 мың адамға немесе 1,3% көбейген.

Табиғи өсім 269,6 мың адам болды, ал көші-қон нәтижесінде елге келгендерден елден кеткендер 33 мыңға көп болып шықты.

Халық санының көбеюі Нұр-Сұлтан (+5,3%) мен Алматыда (+3,3%) байқалып отыр. Ал Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында халық саны азайған.

Халық саны

Қалаларда халық саны — 10,89 миллион адам, былтырғы қаңтарға қарағанда 1,8% көбейген. Ел халқының 58,5%-і қалада тұрады. Дегенмен Алматы, Павлодар, Ақмола облыстарында қала тұрғындарының саны азайғаны байқалып отыр.

Ауыл халқы бір жылда 0,5% қана көбейді — 7,74 миллион адам, яғни республика халқының 41,5%-і ауылда. Еліміздің сегіз өңірінде ауыл халқының саны азайған, олар: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Халық саны