Басты бетЖаңалықтарНазарбаев: Ешқандай...

Назарбаев: Ешқандай ортақ валюта болмайды

Сұхбат алушы журналист Бейсен Құрамбек: « Президент мырза, 20 мың теңгелік ақшаның шығуы халық арасында әзілге айналып кетті. Тойға барсаң 10 мың сыйлық ұят. 100 АҚШ  доллары дағдарыстың кезінде көптеу. 20 мыңдық қағаз теңге осы үшін шығарылды дейді. Ел арасында Ортақ валюта шығады деген үрей бар. Бұл қаншалықты рас?»

« Бұл ешқандай да қорқынышты жағдай емес. Шикізат саудалаушы ел ретінде біз нарықтағы теңдікті экономикалық  ішкі пропорцияны сақтау үшін 20 мыңдық купюра  жасадық. Ортақ валюта шығады деген жалған сөз. Ешқандай  ортақ «Алтын» болмайды»,-деді президент.

Президент экономикалық мәселе жайлы айтқан кезде  осы жылдың соңында  ДСҰ Қазақстанның кіруін үлкен жағымды өзгеріс  деді.

«Біздің экономикамыз ашық.  Көршілердегі саяси жағдайлар әсер етпей қоймайды. Ресей мен Еуропа елдерінің, оған жақында қосылған Түркиямен түсініспеушілік үлкен проблема. Біз Ресей рубльіне тәуелдіміз. Себебі, бізде  тауар айналымының көлемдісі  сол елмен жүргізілуде. Сондай-ақ, әлемдік шикізат бағасына тәуелдіміз. Экономикалық қиындықтың боларын білдік. Бірақ, осындай қатты соққы боларын күтпедік»,-деді президент.

Сондай-ақ, президент алдағы жылы экономикалық соққы биылғыдан ауыр болмаса жеңілдемесін ескертті. Барлық халықты максималды түрде дайын болуға шақырды.

Дереккөзstan.kz