Басты бетЖаңалықтар"Махаббат еселеніп...

«Махаббат еселеніп қайтады»: Сара Назарбаева 79 жасқа толды

Сара Назарбаеваны қызы Әлия Назарбаева Instagram-да құттықтады. Ол анасы айтқан цитатаны жария етті.

«Қадірлілерім менің, өмір бойы бір маңызды ақиқатты есте сақтаңыздар: Махаббатты неғұрлым көп берсеңіз, оның қайыры соғұрлым көп болады. Бұл — арғы ата-бабамыз айтып кеткен бумеранг заңы, оны мен кездесулерімде, дәрістерімде айтудан шаршамаймын, кітаптарымда жазамын, балаларым мен немерелеріме айтып беремін. Мұны ешқашан естен шығармаңыздар, себебі дүние жаралғаннан бері не ексең, соны оратының белгілі. Махаббат сыйлай біліңіздер, ол сіздерге еселеніп қайтады» (С.А.Назарбаева). Мама, туған күніңіз құтты болсын! Махаббатыңыз бен даналығыңызға рақмет! Мен сені жақсы көремін, — деп жазды Әлия Назарбаева.

Сара Назарбаева (қыз күнінде Қонақаева) 1941 жылы Қарағанды облысының Қызылжар ауылында туған. 1992 жылдың ақпанынан бері «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорын, 1994 жылдың шілдесінен бері «SOS — Қазақстан балалар қалашығы» қорын басқарады. «Өзін-өзі тану» білім беру жобасының авторы. Нұрсұлтан Назарбаев екеуінің үш қызы, сегіз немересі бар.