Жабайы аңдар мен жануарлардың үштен екісі жоғалуы мүмкін

1970-2012 жылдар аралығында әлемдегі сүтқоректілер, құстар, балықтар мен омыртқалылар және бауырымен жорғалаушы жануарлардың популяциясы 58 пайызға азайған.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мен Лондон зоологиялық қоғамы қазіргі тенденция осылай жалғаса берсе, 2020 жылға қарай жабайы аңдар мен жан-жануарлар популяциясының үштен екісі жоғалады деп болжайды.

«Жан-жануарлар мен жабайы аңдар популяциясы көз алдымызда бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен азайып барады. Бірақ адамның олардың көпшілігін консервация арқылы сақтап қалуға шамасы әлі бар» дейді Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бас директоры Марко Ламбертини.

Есепте барлық құрлықтағы көлемі бұршақтың дәніндей ғана болатын бақалардан бастап 30 метрге жететін киттерге дейінгі омыртқалы жануарлардың 3 мың 700 түрі 14 мың 200-ге тарта популяциясының құру қаупіне талдау жасалған.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мен Лондон зоологиялық қоғамы мамандары әлемде адам санының көбеюінен фермалар мен қалалар салу үшін жер тарылып, жабайы табиғатқа қауіп төніп тұр дейді. Жан-жануарлардың қырылуына ауа мен қоршаған ортаның ластануы, оларды аулау және климаттың өзгеруі де ықпал етеді.

Дереккөзazattyq.org