Алматы тұрғындары бүгін сабыр сақтап, шұғыл хабар тыңдауы керек

Ақпанның 6-сы — осы айдың алғашқы бейсенбісі. Төтенше жағдайлар қызметі әр айдың алғашқы бейсенбісінде құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді. Сағат 13.00-ге 5 минут қалғанда электр дабылдарымен «Баршаның назарына!» сигналы беріледі. Дабыл телевизия мен радио арналарынан да естіледі.

Үй жағдайында дабыл берілгенде радио мен теледидарды қосып, шұғыл хабарландыруды тыңдаңыз, айтылған шұғыл хабарлама бойынша әрекет етіңіз. Дабыл сіз көшеде жүргенде берілсе, көшедегі дыбысзорайтқыштар арқылы және жылжымалы көлік құралдары арқылы айтылған шұғыл хабарламаны тыңдап, сол бойынша іс-әрекет жасаңыз, — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.