ҚР БҒМ сайтында электронды мектеп оқулықтары пайда болды

Сайтқа алғашқы болып бірінші сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар орналастырылды.

Білім және Ғылым министрлігінің хабарлауынша, қазіргі балалар ақпаратты өзгеше қабылдау дағдысымен ерекшеленеді. Соған байланысты білім беру нәтижелілігін арттыру үшін электронды білім беру ресурстарын қалыптастыру қолға алынған. Электронды оқулықтарды пайдалану Қазақстанның білім беру жүйесінің жаңа технологиялық бағыттарға сай болуымен бірге, оқушыларды оқу бағдарламасына тартуға септігін тигізеді.

Дереккөзtengrinews.kz