Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Қытаймен...

Қазақстан Қытаймен арада теміржол мен әуе қатынасын тоқтатады

Қолға алынған шаралар:

  1. 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусы тасымалы уақытша тоқтатылды;
  2. 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздары уақытша тоқтатылады;
  3. 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы тұрақты әуе қатынасы уақытша тоқтатылады;
  4. ҚХР азаматтарына виза беру тоқтатылды;
  5. 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы ұсынысы қабылданбады, сонымен бірге 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалап отыр. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелмеді. Мәселе мемлекет басшылығының ерекше бақылауына алынды.