Халқының денсаулық деңгейі жөнінен Қазақстан рейтингіде ЕАЭО елдері арасында Ресей мен Қырғызстанды басып озған, бірақ Беларусь пен Армениядан артта қалды.

Денсаулық рейтингі — The Legatum Institute ұйымының дүниежүзі елдері халқының әл-ауқаты индексін өлшеуге арналған зерттеудің бір бөлімі. Әл-ауқат индексі 167 мемлекетті немесе Жер шары тұрғындарының 99,4%-ін қамтиды. Онда 65 шешуші санатқа топтасқан 300-ге жуық көрсеткіш есепке алынады. Ал халықтың денсаулық деңгейі жөніндегі рейтинг адамдардың қаншалықты дені сау екенін, медицина қызметтерін қаншалықты пайдалана алатынын, әр елдегі денсаулық сақтау жүйесіне қатысты бағалау мен ауру көрсеткіштерін, адамдар денсаулығына төнетін қауіп-қатер мен өлім-жітімге қатысты деректі саралау нәтижесінде жасалады.

Рейтингінің алғашқы орындарын Жапония, Швейцария, Оңтүстік Корея, Норвегия, Гонконг, Исландия, Дания, Нидерланды, Австрия елдері иеленіп отыр.

денсаулық рейтингі

Energyprom.kz мамандарының мәліметінше, 2019 жылдың ІІІ тоқсанында Қазақстанның денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызмет көлемі 321,2 миллиард теңге болды, бұл 2018 жылдың үшінші тоқсанына қарағанда 18,5% көп (271 миллиард теңге). Еліміздегі денсаулық сақтау саласы бойынша көрсетілген қызмет көлемінің 171,3 миллиард теңгесі — ауруханалар қызметі, 93,6 миллиард теңгесі — дәрігерлік практика мен стоматологиялар қызметі.

медицинадағы қызмет түрлері

2019 жылы бұл саладағы қызмет 2018 жылға қарағанда 7,4% қымбаттаған. Фармацевтика өнімдерінің бағасы бір жылда 8%, амбулатория қызметінің бағасы 7,1% өскен.

(Иллюстрация: Dribbble.com/©Roza)