2019 жылдың 3 тоқсанында Қазақстан ішінде 825,9 мың адам көшіп-қонды. 34 198 адам басқа елге көшіп кетіп, сырттан 8 мыңдай адам келді. Сыртқы көші-қон сальдосы теріс: кеткендер саны келгендерден 26 200 адамға көп.
Шетелге көшіп кеткен 34 мыңнан астам адамның 23 600-і — халықтың еңбекке қабілетті бөлігі. Сырттан келгендердің арасында мұндай санаттағылар — 6 200 адам.
Қазақстаннан көшіп кеткендердің 9,1 мыңы — 16 жасқа дейінгі бала, 1,5 мыңы — зейнеткер. Олардың ішінде 25 мыңға жуық адамның ұлты — орыс, 2,4 мыңға жуығы — неміс, 2,3 мыңға жуығы — украин.
Елімізге қоныс аударғандардың 11,1 мыңы — 16 жасқа дейінгі бала, 0,7 мыңы — зейнеткер. Олардың ұлтына қатысты статистика мынадай: 4,5 мыңы — қазақ, 1,7 мыңнан астамы — орыс, 217-сі — қарақалпақ.
2019 жылдың желтоқсанының басында Қазақстанда халық саны 18,4 миллион адам болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,3% көп. Ел азаматтарының 58,2%-і қалада, 41,8%-і ауылда тұрады. Қала халқы бір жылда 2,6% көбейіп, 10,7 миллион адам болған, ауыл тұрғындарының саны жыл ішінде 0,5% азайып, 7,7 миллион болды.
(Иллюстрация: Dribbble.com ©Theintro)