Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Құлыбаевпен кездесті

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында бизнес секторының ахуалы, кәсіпкерлік проблемалары және палатаның осы саладағы қызметінің қорытындысы талқыланды.

Тимур Құлыбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қажет қаржы айналымы, экономиканың өзге де секторларына қаражат жеткізу туралы баяндады.

Президент пен бас кәсіпкер импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру мәселелерін де талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев қолда бар ресурстың бәрін іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өндірісті дамытуға бағыттау қажет екенін айтты.

Сонымен қатар кездесу кезінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұмысының тиімділігі де сөз болды. Кәсіпкерлер палатасының басшысы жаппай кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға негізделген «Бизнеске арналған Үкімет», «Бастау», «Жас кәсіпкер» жобаларының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты.