Болжам бойынша Атлантикадан ауысып жатқан ауа массасына байланысты демалыс күндері елімізде ауа температурасы нормадан тыс жоғарылайды.
Ауа температурасы солтүстікте климат нормасынан 5-10 градус жоғары, оңтүстікте нормаға жуық және одан 2-4 градус жоғары болады. Республика арқылы өтетін атмосфера фронттарының әсерінен солтүстік пен шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады, оңтүстік облыстарда жылбысқы қар жауады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.
3 тәулік ішінде күндізгі ауа температурасы 0-8 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылы мен 5 градус аяз шамасында болатындықтан Қазақстан аумағының басым бөлігінде көктайғақ болып, көріну қашықтығы 500 метрге жетпейтін төмен тұман түседі.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер қаңтардың 19-20-сы күндері қатты аяз болмайтынын хабарлаған еді.