«Қазақ радиолары» серіктестігі өкілдерінің хабарлауынша, байқаудың шарты мынадай:
- логотип Қазақ радиосының ғасырлық тарихын дәріптеп, мерейтой тақырыбын ашуы керек;
- Қазақ радиосының брендбугі негізге алынуы керек, түсі мен шрифт ақпарат құралының өз логотипіне сай келуге тиіс;
- логотип түсі мен шрифт бекітілген логотипке сәйкес келуі тиіс;
- авторлық құқыққа сай келуі керек.
Байқауға қатысушылар авторлық жобасын JPEG форматта қысқаша мәтінмен [email protected] электрон поштасына жолдауы қажет. Жобалар 2020 жылдың 14 ақпанына дейін қабылданады. Жолданған материалдың барлығы әлеуметтік желіге жариялау құқына келіскен деп есептеледі. Үздік шыққан логотип Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған барлық шарада қолданылады.
Жеңімпазға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Жеңімпаз анықталған соң логотип электрон мекенжайға CorelDRAW форматта жіберілуі қажет.
Нұсқаны Нұр-Сұлтан, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа орталығы», «Қазақ радиолары» ЖШС мекенжайына «Қазпошта» қызметімен де жолдауға болады.
Айта кетейік, Қазақ радиосының негізі 1921 жылы 1 қазанда Ахмет Байтұрсынұлының ықпалымен Орынборда қаланды. Ұжым 2021 жылы дәл осы күні радионың 100 жылдығын тойлағалы отыр. Бұл туралы бұған дейін Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосының Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы айтқан еді.