Сейсенбідегі ауа райы: Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша сейсенбіде Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында қар жауады, боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда қар жауады, боран соғады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында қар жауады, тұман түседі, оңтүстік-батыстан екпіні секундына 23 метрге жететін жел соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде де тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды облысында кей жерде тұман түседі, боран мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында да кей жерде боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Алматы облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады.

«Қазгидромет» мамандары Сырдария өзенінің Жосалы гидробекеті тұсында су қауіпті деңгейге жақындағанын хабарлап отыр. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі Ертісте де су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.