10 қаңтарда өңірлерде ауа райы қандай болады?

Республиканың кей жерінде тұман түседі, оңтүстік пен батыста көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарында осы құбылыстарға байланысты ескерту жарияланды. Маңғыстау, Атырау облыстарында да кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Қостанай облысында ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» мамандары Сырдарияның Қазалыдағы тұсында су деңгейі 630 сантиметрге дейін көтерілгенін және қауіпті белгіге жақындағанын хабарлады.