Республика бойынша жұмыс істейтін жастардың саны жөнінен Алматы облысы, Алматы және Жамбыл облысы алда. Алматы облысында 15-28 жас аралығындағы 278,1 мың адам, Алматыда 258,1 мың адам, Жамбыл облысында 199,6 мың адам жұмыс істейді.

Мұндай жас шамасындағы азаматтардың дені — 388,7 мың адам — сауда және көлік жөндеу саласында, олар — жалпы жұмыс істейтін жастардың 18,3%-і. Жастар көп еңбек ететін салалардың қатарында ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (257,2 мың адам немесе жұмыс істейтін жастардың 12,1%-і), сонымен бірге білім беру (236,3 мың адам немесе жұмыс істейтін жастардың 11,1%-і) де бар.

Жұмыссыз жастар

Елде 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың саны 84,7 мыңға жетті, көрсеткіш 2018 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысына қарағанда 3,4% көп (2018 жылы 81,9 мың адам болды). Бұл жас шамасындағы жұмыссыз жастардың саны 2019 жылы 2018 жылға қарағанда 3,9%-тен 3,8%-ке азайған еді.

2019 жылдың үшінші тоқсанының соңында қаладағы жұмыссыз жастардың саны бір жыл ішінде 4,3% көбейгені және ауылдағы жұмыссыз жастар саны, керісінше, 3,4%-тен 3,2%-ке азайғаны белгілі болды.

Жұмыссыз жастар саны жөнінен Алматы көш бастайды — 16,8 мың адам, одан кейінгі орындарда Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан тұр. Алматы облысында 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз жастар саны — 8,9 мың, Түркістан облысында 7,3 мың адам, Шығыс Қазақстан облысында 7,1 мың адам, Нұр-Сұлтанда 6 мың.

Жұмыссыз жастар

15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың 37,1%-інің немесе 31,4 мыңнан астамының жоғары білімі бар. Жоғары білімді жұмыссыз жастардың саны бір жылда 6,9% артып отыр.

Жұмыссыз жастар

Айта кету керек, 2019 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 172 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның 34,3%-і — жастар. Былтыр 9,5 мың жастың бизнес-идеялары үшін мемлекет грант бөлді, жыл сайын 10 мың жас осындай грант алып тұрмақ. Сонымен бірге 2019 жылы 2,5 мың жас кәсіпкер бизнесін дамыту үшін микронесие алды, алдағы 3 жылда тағы 15 мың жас азамат осындай көмекке қол жеткізеді.