Жаңа жыл қарсаңында ForteBank 2020 жылға арналған өзгеше корпоратив күнтізбе ұсынды. Онда әлемнің бірнеше елінің суретшілері қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының құнды мұрасын барынша жаңғыртуға тырысқан. Күнтізбенің әр бетіне әйгілі ақынның 45 қара сөзінен үзінді келтірілген.

ForteBank күнтізбесі
Фото: ForteBank АҚ маркетинг қызметі

Movators шығармашылық студиясының бас продюсері Дмитрий Щеголихиннің айтуынша, Абайдың қара сөздері өте ойлы, тілі шұрайлы.

Бір ғана жолымен бірнеше мағынаны ұқтырады, халық мұрасының құнды дүниелерімен сусындатады. Ол өмір сүрген уақыттың әлеуметтік мәнін ескерсеңіз де, әлі күнге мәнін жоғалтпаған нақылдарды көресіз. Рас, Абай шығармашылығын өзге тілдерге аудару қиын, бірақ біз классикалық сөздерімізді қазіргі сөйлеу мәдениетімен ұштастыра отырып, оларды қайта жаңғыртуға тырыстық, — дейді ол.

ForteBank күнтізбесі
Фото: ForteBank АҚ маркетинг қызметі

Күнтізбенің 12 бетінде Қазақстан, Грузия, Ресей және Беларусь елдерінің алдыңғы қатарлы дизайнерлері жасаған 12 түпнұсқа сурет бар. Олардың әрқайсысы стильд айырмашылығына қарамастан бір ғана ойды қаузайды, ол — Абай шығармашылығының көркемдігін зерттеуге тырысу.

ForteBank күнтізбесі
Фото: ForteBank АҚ маркетинг қызметі

Күнтізбе Абай мұрасын жаңғыртуды ғана емес, ForteBank-тің экологиялық ұмтылысын де бейнелейтінімен қызық.

Күнтізбе экологиялық таза форматта, жартылай қайта өңделген материалдардан жасалған. Сол себепті оны биологиялық тұрғыдан толығымен ыдыратуға болады, — дейді ForteBank-тің маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким.

Оның айтуынша, бұл өнімдер өткен уақыт пен болашақтың арасындағы қазіргі тақырыптың нағыз жалғасы сияқты.

ForteBank
Фото: ForteBank АҚ маркетинг қызметі

12 беттегі үзінділер теңіздің бір тамшысындай ғана. Күнтізбені жасаушылар оларды таңдау да оңай болған жоқ деп отыр. Ақиқатында Абай көп жағдайда ойлы, мұңды ақын ретінде қабылданады, ал оның әр жолының мәнін ашу ұлттың қасіретін тап басумен, шындықты айқындай түсумен тең.

ForteBank күнтізбесі
Фото: ForteBank АҚ маркетинг қызметі

Ал ForteBank пен суретшілер ең ойлы, салмақты үзінділерді таңдап алуға тырысты. Айтпақшы, жобаны ұйымдастырушылар ақынның мерейтойына орай күнтізбені ғана жасап қойған жоқ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын кез келген адам лайық атап өту үшін ForteBank өзінің веб-сайтында барлық көрнекі суретті көшіріп алуға өте ыңғайлы етіп орналастырып қойды. Оны кез келген қолданушы жейдеге, саптыаяққа, компьютерінің жұмыс үстеліне фон ретінде қолдана алады, өйткені Абайдың қара сөздері — ғасырлардан кейін де құнын жоғалтпайтын даналық.

ForteBank күнтізбесі
Фото: ForteBank АҚ маркетинг қызметі

Күнтізбе экологиялық таза форматта жартылай қайта өңделген материалдардан жасалады, сондықтан ол толығымен биоэлементтерге ыдырайды. Бұл өнімдерді кешегі мен болашақтың қазіргі уақыттағы нағыз жалғасы деп білгеніміз жөн. Біз білім беру ұйымдары үшін оқу материалдарын жасауды, Қазақстан қалаларының көшелерін көркемөнер туындыларымен безендіруді және клиенттер мен ақындардың шығармашылық мұралары туралы пікір алмасу жүргізуді жоспарлап отырмыз. ForteBank жобасы классикаға заманауи өнердің призмасы арқылы қарауға арналған, — деді ForteBank маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким.