MEGA Silk Way-де ForteBank-тің цифрлық кеңсесі ашылды

Жаңа кеңсенің 80%-ке жуығы цифрлық қызмет көрсету нүктелерінен тұрады. Онда планшеттері бар ыңғайлы лаунж аймақ, клиенттер өздігінен қызмет ала алатын терминалдар мен видеобанк орналасқан. Жаңартылған тұжырымдамада клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына баса назар аударылған. Олар бұрыннан да оңтайландырылып, функционалдығы арта түсті. Басты ерекшелігі — цифрлануы мен банкпен онлайн жұмыс істеу мүмкіндігінде.

банк ашылуы
Фото: ForteBank баспасөз қызметі

Кеңсе стилін Dinn италиялық дизайнер компаниясының кәсіби мамандары әзірлеген және Movators жергілікті студиясының сауда орталықтары арқылы бейімделген.

Кеңсенің іші келушілерге ыңғайлы болуы үшін қызмет көрсету түрлеріне қарай аймақтарға бөлінген. Сонымен бірге, жұмсақ радиалды нысандармен, жастықтармен және ерекше шамдармен жабдықталды.

видеобанк
Фото: ForteBank баспасөз қызметі

Бутиктің жоғары қарай алты метрлік төбесінің үйлесімі жайлылық пен сиқырлықты сезіндіретін жеңіл қалықтаған жарық панелі орналасқан.

банк ашылуы
Фото: ForteBank баспасөз қызметі

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ForteBank актив көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің үштігіне кірді. Ол капиталдандыру және өтімділік деңгейі бойынша жетекші орында тұр.

банк ашылуы
Фото: ForteBank баспасөз қызметі

ForteBank мобайл қосымшасы Қазақстанда №1 және ресейлік Marksweb талдау агенттігінің нұсқасы бойынша ТМД-дағы ең үздік 10 жобаның қатарына енді. ForteBank екінші жыл қатарынан The Banker және Global Finance нұсқасы бойынша “Қазақстандағы жыл банкі” атанды.