ForteBank пен «Барыс» хоккей клубы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Құжатқа ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили мен «Барыс» хоккей клубының президенті Борис Иванищев қол қойды. Екі ведомствоның басшылары бірлескен іс-шара жоспарын талқылады.

Қызметіміздің маңызды бөлігі әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталатыны белгілі. Соның ішінде балалар мен жастар спортын дамытуға күш саламыз. Хоккей — командалық рух, тәжірибе мен шеберлікті ұштастыра, күш пен төзімді талап ететін, ең жылдам техникалық спорттың бірі. Біз елордалық команданың әр қадамын қадағалаймыз, өркендегенін тілейміз. Жаңа маусымның жарқын және қызық болатынына және ForteBank-тің қаржылай қолдауы ойыншыларға жеңіс әкелетініне сенеміз, — деді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

«Барыс» 3 қыркүйек күні құрлықтық хоккей лигасының 12-маусымына қатысады. Команда дәстүрлі чемпионатта 62 матч өткізеді. Клубтың бас жаттықтырушысы — Андрей Скабелка. Биылғы хоккей маусымында «Барыс» 20 жылдық мерейтойын атап өтеді.

хоккей
Фото: ForteBank баспасөз қызметі

«Барыс» хоккей клубы ForteBank-ті зор ілтипатпен қарсы алады. Барыстықтыр қаржы ұйымымен мүдделері сәйкес келетініне қуанышты. Бүгінгі таңда ForteBank Қазақстандағы сенімді банктердің бірі ретінде танылды. Бұл банк ұжымы уақыт талабына сай клиенттеріне де сүйіспеншілікпен, ықыласпен қарайды. Біз жанкүйерлер үшін бірлесіп көп қызық жоба мен акция жасаймыз деген үміттенемін, — деді «Барыс» хоккей клубының президенті Борис Иванищев.

«Барыс» — құрлықтық хоккей лигасында Қазақстанның намысын қорғайтын жалғыз хоккей топ-клубы. Құрлықтық хоккей лигасында ойнаған 11 маусымда «Барыс» плей-оффқа тоғыз рет шығып, Шығыс конференциясының ширек финалына үш рет келіп, Чернышев дивизионының жеңімпазы атанды (2013-14, 2018-19 маусымдары). «Барыс» —   шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының негізгі клубы.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank актив көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің үштігіне кірді. Ол капиталдандыру және өтімділік деңгейі бойынша жетекші орында тұр. ForteBank мобайл қосымшасы Қазақстанда №1 және ресейлік Marksweb талдау агенттігінің нұсқасы бойынша ТМД-дағы ең үздік 10 жобаның қатарына енді. ForteBank екінші жыл қатарынан The Banker және Global Finance нұсқасы бойынша «Қазақстандағы жыл банкі» атанды.