Алматыда Бибігүл Төлегенованың 90 жасы тойланды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенованың 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кешке қатысты. Бұл туралы әкім өзінің Instagram-парақшасына жазды.

Бибігүл Ахметқызы — халықтың ыстық ықыласына бөленген, әлем таныған әнші. Ол XX ғасырдың 20 көрнекті әйелінің бірі ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне кірді. Бұл — ел мен халық үшін үлкен құрмет. Тәлімгерлерінің қажырлы еңбегі мен өнер иесінің тынбай еңбек етуі оған табиғат сыйлаған талантын ашуға мүмкіндік берді, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, Бибігүл Төлегенова осынша жасқа келсе де, еліміздің басты опера сахналарында әлі күнге дейін өнер көрсетіп, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында вокалдан сабақ беріп жүр.

Бұл күні әйгілі вокалист шәкірттері мен достарынан, туған туыстары мен жақындарынан, опера өнері тыңдармандарынан шынайы алғыс пен ізгі тілек естіді.

Әнші, актриса, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 1929 жылы Семейде дүниеге келген.

View this post on Instagram

23.12.2019 Әйгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші. Кеңес Одағының Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Ахметқызы халықтың ыстық ықыласына бөленіп, әлем таныған әнші. Ол XX ғасырдың көрнекті 20 әйелдерінің бірі ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енді. Бұл — ел мен халық үшін үлкен құрмет. Тәлімгерлерінің қажырлы еңбегі мен өнер иесінің өз-өзімен тынбай жұмыс істеуі табиғат сыйлаған талантын ашуға мүмкіндік берді. Бибігүл Төлегенова еліміздің басты опералық сахналарында өнер көрсетіп, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал сыныбын жүргізіп, әлі күнге дейін шығармашылығымен бөлісіп келеді. Бұл күні қазақтың әйгілі әншісі, вокалдық өнердің мэтрі Бибігүл Ахметқызы шәкірттері мен достарынан, туған туыстары мен жақындарынан, опера өнерінінің табынушыларынан шынайы алғыс пен ізгі тілектерін қабыл алуда. —— Творческий вечер в честь 90-летнего юбилея великой оперной певицы Бибигуль Тулегеновой. Народная артистка Советского Союза, Герой соцтруда Бибигуль Ахметовна по праву снискала народное признание и мировую славу. Она входит в список ЮНЕСКО как одна из 20 выдающихся женщин XX века. Это честь для нашей страны и народа. Кропотливый труд наставников и работа над собой позволили раскрыть талант, дарованный природой. Творчеством и опытом Бибигуль Тулегенова делится по сей день, выступая на главных оперных сценах страны и ведя класс вокала в Казахской национальной консерватории им. Курмангазы. Слова благодарности, пожелания крепкого здоровья принимает Бибигуль Ахметовна от учеников, истинных ценителей ее творчества, друзей, родных и близких.

A post shared by Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) on