Нұрсұлтан Назарбаев Бибігүл Төлегеновамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев опера әншісі, КСРО халық артисі Бибігүл Төлегеновамен кездесіп, оны 90 жасымен құттықтады.

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде Бибігүл Төлегенова шығармашылығымен алғаш танысқан кезін еске алды.

Сіз халқымыздың шынайы махаббатына ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, сарқылмас қуат және көрерменнің шексіз қошеметіне бөлене беруіңізді тілеймін. Бірер күн бұрын керемет концертіңіз өтті. Әдеттегідей көрерменнің жоғары бағасына ие болды, — деді Тұңғыш Президент.

Бибігүл Төлегенова Тұңғыш Президент қорының қолдауымен болған вокалистердің Х конкурсының нәтижесі туралы айтты.

Қамқорлық танытып жүргеніңізге ризамын. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қолдау көрсетіп жатқаныңызға алғыс білдіремін, — деді КСРО халық артисі.