Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев Махмұд Қасымбековтің өкілетін ұзартты

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент — Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбековтің өкілетін ұзартты. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының шешімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеті 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды, — делінген хабарламада. 

Махмұд Қасымбеков 67-де. Ол Қазақстан Президенті кеңсесінің басшысы қызметін 2004 жылдан 2019 жылдың наурызына дейін атқарды. 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті ретінде өкілетін тоқтатқаннан кейін оны Қазақстан Президенті кеңсесінің бастығы қызметінен босатып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы кеңсесінің басшысы етіп тағайындады. Ал оның алдында — 2018 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Махмұд Қасымбековтің өкілетін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартқан еді.

Махмұд Қасымбеков биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.