Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент жаңа министрге бірнеше тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңызы туралы айтты, халықты электр энергиясымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.
Кездесуде мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі де талқыланды.
Еске салайық, 18 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалған еді. Атырау облысының жаңа әкімі болып Махамбет Досмұхамбетов тағайындалды. Энергетика министрі болған Қанат Бозымбаев Президенттің көмекшісі атанды.