Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығы туралы Ақорда сайты хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.
Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың 9 желтоқсанында 63 жасқа толды. Ол Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін 2017 жылдың 7 ақпанынан бері атқарды. Оның алдында Қорғаныс министрі, 2008-2014 жылдары Астана әкімі, 2004-2008 жылдары Алматы әкімі болды. 2002 жылы Премьер-министр, 2003 жылы Мемлекеттік хатшы болып қызмет етті.