Мәдениет қайраткерлеріне Тұңғыш Президент стипендиясы берілді

Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген азаматтардың тізімін жария етті.

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкімге қол қойды.

Осы өкімнің қосымшасына сәйкес 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, — делінген құжатта.

Мемлекеттік стипендия берілген әдебиет, өнер мен мәдениет қайраткерлерінің арасында Марфуға Айтхожа, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Күләш Ахметова, Төлен Әбдікұлы, Әкім Тарази, Асанәлі Әшімов, Роза Әшірбекова, Кеңес Дүйсекеев, Самал Еслямова, Нүкетай Мышбаева, Нұрғали Нүсіпжанов, Сәбит Оразбаев, Юрий Померанцев, Бибігүл Төлегенова, Сара Тыныштығұлова, Ескендір Хасанғалиев және басқалар бар. Толық тізімді мына жерден көруге болады.