Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент жазушыға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыс етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ұлттық әдебиетіміздің әлем деңгейіне көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, оны 95 жас мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттап отырғанын айтты.

Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.

Еске салайық, 22 қазан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толуымен құттықтаған еді. Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы Қызылорда облысындағы Құланды ауылында туған.