3 желтоқсандағы ауа райы: қар жауып, жел күшейеді

Республиканың батысы мен шығысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысында көктайғақ болады.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, Қызылорда облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі, Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында жел екпіні секундына 22 метрге дейін күшейеді.