Демалыс күндеріндегі ауа райына болжам жасалды

Мамандардың мәліметінше, алдағы күндердің ауа райына бұрынғысынша Сібір антициклонының тау сілемдері ықпал етеді.

Республиканың көп облысында ауа температурасы орташа көпжылдық шамадан төмен болады және жауын-шашын болмайды. Қауіпті құбылыстардан түнгі және таңғы мезгілде 50-500 метр қашықтықты көрсетпейтін тұман түседі, — дейді синоптиктер.

Сенбі мен жексенбіде Қазақстанның батысында және дүйсенбі күні оңтүстікте атмосфера фронттарының өтуінен жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.