Еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады

29 қарашада Қазақстан аумағының көп бөлігінде тағы да жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Батыста ғана жаңбыр, қар жауады.

«Қазгидрометтің» болжамына қарағанда елдің көп бөлігінде тұман түседі, оңтүстік өңірлерде жел күшейеді.

Манғыстау, Атырау облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, көктайғақ болады, Атырау облысында тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда облыстарында да секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, тұман түседі. Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында тұман түседі.