26-28 қараша аралығында қар жауғанымен күн жылиды

«Қазгидромет» мамандары 26-28 қараша күндері жауын-шашын түсетінін, бірақ температура жоғарылайтынын хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, бұған дейін Қазақстан аумағына циклон мен оның атмосфера фронттары жылжып, жауын-шашынға және республиканың солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне себеп болды. Енді алдағы 3 тәулікте циклон мен биік барика жырасы әлсіреп, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжиды, ал 5 шақырымға жуық биіктіктегі тропосфера ағындары ендікке қарай ауады.

Осыған байланысты Қазақстанға Атлантикадан жылы әрі ылғал ауа түсе бастайды, соның әсерінен республиканың бүкіл аймағында температура жоғарылап, кей жерде қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.