Басты бетЖаңалықтарБелгілі экономист...

Белгілі экономист Президенттің қабылдауында болды

Қасым-Жомарт Тоқаев экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында стратегиялық жоспарлау, бағдарлама құжаттарын әзірлеудің тиімділігі, мемлекеттік органдардағы бюрократия рәсімдерін қысқарту, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Құдайбергеновке еліміздің экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныс жасауды тапсырды.