Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде 4 күн қатарынан — 1 және 4 қаңтар аралығында демалады. Бірақ жексенбіден (5 қаңтардан) бастап жұмысқа шығады. Содан 7 қаңтар — Рождество мерекесінде қайтадан бір күн демалыс алады.

5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтарға мұндай ұзақ демалыс 8 наурыз мерекесі кезінде де болады. 7 наурыз сенбіге түсіп, 8-і және 9-ы күні де демалысқа шығады. Наурыз мерекесінде 21 наурыз сенбіге түсуіне байланысты 25 наурызға дейін демалыс беріледі. Осылай бір ай ішінде 13 күн демалыс болады.

1 мамыр жұмаға түскен соң қазақстандықтар сенбі, жексенбіні қосқанда 3 күн қатарынан жұмыс істемейді. Жеңіс күніне орай 7-10 мамыр аралығында демалады.

6 шілдеде Астана күні тойланып, қазақстандықтар сенбі мен дүйсенбі аралығында (4-6 шілдеде) демалыс алады.

Конституция күнінде де үш күн қатарынан (29-31 тамыз) демалыс беріледі.

Бұдан кейінгі ұзақ демалыс желтоқсан айында келеді. Тәуелсіздік күні халық төрт күн қатарынан — 16-19 желтоқсан аралығында демалады. Жұмыс күні жексенбіден басталады.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Үкіметінің қаулысымен Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағы бойынша және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілген еді. 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан азаматтарына қанша күн демалыс берілетіні де хабарланды.

Иллюстрация: Dribbble.com by Fangyuan Sun

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!