Семей әуежайына Абай есімі беріледі

Семей әуежайына және қаланың білім беру мекемелеріне Абай есімін беру облыстық ономастика комиссиясында мақұлданып,  Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжат республикалық ономастика комиссиясына жіберілді. Сонымен қатар №49 мектеп те Абай атына берілмек.

Келесі жылы елімізде Абайдың 175 жылдығы тойланады. Мерейтойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді.

Сонымен қатар №2 орта мектеп Қаныш Сәтпаев атына,  №3 мектеп, сонымен қатар кешен — Мұхтар Әуезов атына, №34 мектеп батыр Бауыржан Момышұлы, №37 мектеп-гимназиясы Ыбырай Алтынсарин,  №39 мектеп Әлихан Бөкейханның атына, №47 мектеп Ахмет Байтұрсынов, Пригород орта мектебі Жүсіпбек Аймауытовтың атына берілмек.