Басты бетҚоғамҚырғызстандағы Қазақстан...

Қырғызстандағы Қазақстан медицинасының күндері

Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, жетекші медициналық орталықтардың, мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарының, ЖОО-лардың, фармацевтикалық өнімдерді өндірушілердің, медициналық қоғамдардың жетекші мамандары бар. Қазақстандық делегацияның басшысы — ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығын басқарма төрағасының міндетін атқарушы Баймаханов Болатбек таныстырды. Ол жоғары деңгейдегі осы сессияда «Қазақстан Республикасындағы органдық трансплантация» тақырыбында баяндама жасады.

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық хирургия орталығымен, Қырғызстан гепатологтар қауымдастығымен, Қырғыз Республикасының Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығымен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандум Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әріптестіктің дамуына, медициналық ұйымдардың интеллектуалдық және инновациялық ресурстарының артуына ықпал етеді.