Бір жылда тазартылған күнбағыс майын өндіру 15%, тазартылмаған май өндірісі бірден 19% артты.

Күнбағыс майы әсіресе ел астанасының және Қазақстанның батысындағы қалалар тұрғындарына қымбат болып отыр. Қазан айында Ақтауда бір литр майдың орташа бағасы 487 теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 5,2% көп. Нұр-Сұлтанда майдың бағасы бір жыл ішінде 1,9% көтерілді, литрі 473 теңгеге дейін сатылды. Атырауда былтырғыдан 4,4% артып, баға 454 теңгеге дейін өсті.

Ірі қалалар бойынша ең төменгі баға Қарағанды мен Павлодарда тіркелді: литрі — 380 және 400 теңге.

Республика бойынша күнбағыс майының бағасы бір жыл ішінде (2018 жылдың қазаны мен 2018 жылдың қазаны бойынша) 3,2% көтеріліп, литрі 434 теңгеге дейін болды. Осы кезеңде жалпы азық-түлік пен алкогольсіз сусындардың бағасы 9,7% өсті. Күнбағыс майы, статистика

Тазартылмаған май өндірісі бір жыл ішінде 19,2% артып, 2019 жылдың үш тоқсанында 129,8 мың тоннаға, тазартылғаны 15,3% өсіп, 92,3 мың тоннаға дейін жетті.

Күнбағыс майын өндіретін негізгі аймақ Шығыс Қазақстан облысы болып отыр.  Өңірге тазартылмаған май өндірісінің 84,5%-і және тазартылғанының 63,1%-і тиесілі. Облыста «Май» АҚ, «Востоксельхозпродукт» және «Өскемен май зауыты» ЖШС сияқты маңызды кәсіпорындар жұмыс істеп тұр.Күнбағыс майы, статистика

Статистика комитетінің мәліметінше, биылғы қаңтар-тамыз айларында күнбағыс майының отандық өндірісі сектордағы сұраныстың 72,4%-ін жапты. Импорттың үлесі — 27,6% қана. 8 айда күнбағыс майының ішкі сатылымы 220,8 мың тонна болды. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 19,6% көп.

Комитеттің мәліметінше, жалпы өсімдік майының сегментінде импорт үлесі — 25,9%, жергілікті өндірушілерге 74,1% үлес тиіп отыр.

Бір қызығы, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров басқа деректерді ұсынған. Оның айтуынша, республиканың ішкі тұтынуындағы өсімдік майының импорты — шамамен 40%. Бұл сектордағы өндіріс туралы мәлімет те сәйкеспейді.

Күнбағыс майы, статистика

Биыл 9 айда тазартылған және тазартылмаған майды өндіру былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 32,4% өсіп, 343,5 мың тонна болды, — деді министр Сапархан Омаров.

Ал Статистика комитеті «Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында тазартылған және тазартылмаған май өндірісі 267,4 мың тонна болды» деген мәлімет ұсынады. Жалпы алғанда, комитет деректі жинау кезінде сектор бойынша кейбір өсімдік майы түрін ескермегенге ұқсайды.

Күнбағыс майы, статистика

Өсімдік майы мен май түрлерінің жалпы импорты үш тоқсанда 121,7 мың тоннаға немесе 95,5 миллион долларға тең болды. Бұл былтырғыға қарағанда 3,1% және ақшамен есептегенде 16,2% аз.