Сапархан Омаров: Шетелдіктерге жер сатылмайды

Ауыл шаруашылығы министрі интернетте тараған қауесет жөнінде түсінік берді.

Сапархан Омаров
Сапархан Омаров. Фото: Оrtcom.kz

Қазақстанда шетелдіктерге жер сатылмайды және уақытша қолданысқа да берілмейді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министрге “Шетелдіктерге жер сатыла ма?” деген сұрақ қойылды.

Шынында да соңғы уақытта интернетте шетелдіктерге жер сатылатыны туралы қауесет тарады. Бірден айтқым келеді: қазіргі уақытта шетелдіктердің жекеменшігіне жер сатылмайды. Уақытша қолданысқа да берілмейді. Алдағы уақытта да шетелдіктерге жер берілмейді, – деп жауап берді Сапархан Омаров.