Мүгедектер арбасын заң бойынша қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарды мүгедектер арбасынсыз жүріп-тұруының қиындығын жазбай түсінуге болады. Арба — олардың өміріндегі ең маңызды, қажетті құрал. Көзге көрінген қарапайым функцияларынан бөлек, ұл құрал олардың қоғамға бейімделуіне айтарлық көп көмектеседі.

fon

Мүгедектер арбасына қол жеткізу үшін не қажет? 

Мүгедектер арбасына мұқтаж жандарда мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандарттарына сай мына құжаттар болуы керек:

  1. Бектілілген нұсқадағы өтініш.
  2. Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы.

Егер адам жұмыс берушінің себебінен еңбек жарақатын алса немесе кәсіби ауруға шалдықса, мүгедектер арбасын жұмыс беруші беруі тиіс. Егер де жұмыс беруші жарақат алынғанға дейін өз қызметін тоқтатса, көмек мемлекет қаражаты есебінен көрсетіледі. Мұндай жағдайда қосымша құжаттар — қайғылы оқиға жайлы акт пен жұмыс берушінің қызметін тоқтатқандығы туралы құжатты — жинастыруы керек болады.

10 жұмыс күні ішінде Алматы қаласының жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтінішті қабылдап, нәтижесін табыстауы керек. Барлық қызмет тегін көрсетілуі тиіс.

АЛАЙДА

Қызмет көрсету барысында Стандартта көрсетілмеген мына құжаттарды да жинау керектігінің маңыздылығы айқын болды:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі (кәмелеттік жасқа толмағандарға туу туралы куәлік).
  2. Мүгедектіктігі туралы анықтама.
  3. Мекен-жай анықтамасы.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсетушіден сенімхат (нотариалды куәландырылған емес).

Алайда «Мүгедектерге арналған оңалту және сауықтыру орталықтарының» Алматы қаласындағы сегіз ауданның тек екеуінде жұмыс істейтіндігі белгілі болды. Жоғары сападағы мемлекеттік қызметті көрсетудегі қосымша кедергінің бірі «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі болып отыр.

Мемлекеттен бөлінетін мүгедектер арбасының сапасы көңілден шығады. Алайда оларды сақтайтын арнайы қоймалар жоқ.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қызмет көрсет ұзақтығы 20 минутқа созылады. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 10 жұмыс күнінің орнына үш жылға дейін созылған қызметтер де болған.

Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына қатысты тағы бір кемшілік: бұл бағдарлама медициналық-әлеуметтік сараптама  арқылы беріледі. Мұнда да мүгедектер арбасын алу үшін жиналатын құжаттарды жинау керек. Яғни мүмкіндігі шектеулі жанның бір құжатты екі рет жинауы қажет. Бұл да мемлекеттік көмекке қол жеткізуде қолайсыздық тудырады.

Мүгедектер арбасы

Ұсыныстар

Алматы қаласының «Дамыту орталығы» жоғарыда аталған мәселелерді шешудің жолдарын ұсынады:

  1. Мүгедектер арбасын алу үшін өтінішті медициналық-әлеуметтік сараптамаға жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламаларды алу кезінде қабылдау керек.
  2. Өтінішті қабылдау мен нәтижені алу жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ғана емес, Алматы қаласының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі, еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті арқылы да алуға болатындай жағдай жасау.
  3. Қажетті құжаттардың тізімін азайту мақсатында және мекен-жай анықтамасы мен мүгедектігі туралы анықтаманы алу үшін: Алматы жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар, Мемлекттік корпорация мен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің ақпараттық жүйелерін біріктіру керек.
  4. Ақпараттық жүйеден алуға болатын мекен-жай анықтамасы, мүгедектігі туралы анықтама, 2008 жылы дүниеге келгендерден бастап туу туралы куәлікті беру кезінде «Мемлекеттік қызметтер» туралы Заңның талаптарын қатаң сақтау.
  5. Жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар қызметкерлерін, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі еңбек, әлеуметтік қолдау және миграция комитеті департментінің қызметкерлерге арналған брошюраларына/ақпараттарына мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерінің алгоритмін қадам сипаттамасымен толықтыра отырып, қайта жасап шығу.
  6. Жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру барысында күту орындарындарын ыңғайлы етіп жасау жұмыстарын жүргізу.