Абай шығармаларына арналған Bookcrossing ұйымдастырылды

Алматының Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорымен бірлесіп, метроның Абай бекетінде ақынның шығармашылығына арналған Bookcrossing өтті. Шара жолаушылардың жеке кітапханасын жаңартып, Ұлы Абайдың шығармаларын еске түсіруге мүмкіндік берді. Ең белсенді қатысушыларға Абайдың «Қара сөздері» сыйға таратылды.

Бұл күні метро бекетінде концерт ұйымдастырылып, онда ақынның өлеңдері мен нақыл сөздері оқылды, әндері шырқалды. Қала тұрғындары үшін ақынның кітаптары мен шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгер, Ұлттық аударма бюросының редакторы Есей Жеңісұлы қатысты. Қонақтар алып келген әдеби шығармаларды Bookcrossing сөресіне қалдырды.

Абай, 175, метрополитен
Фото: Metroalmaty.kz

Абай бекетінде Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетімен бірлесіп, «Абайды таны, оқырман» атты акциясы өтті. Акция барысында студенттер Абайдың өлеңдерін оқып, қала тұрғындары арасында интеллектуал викторинасын жүргізді. Ұлы ақынның сөздері жазылған кітапшалар және естелік сыйлықтар таратылды.

ДереккөзMetroalmaty.kz