Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін береді

Қазақстан әншіcі Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі «Барклайс-центр» стадионында жеке концертін береді.

10 желтоқсанда Нью-Йорктегі «Барклайс-центр» стадионында жеке концерт беретінімді қуанышпен хабарлаймын. Билетті қашан сатып алуға болатынынын жақында хабарлаймын. Менің Instagram-парақшамды қарап жүріңіздер, — деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 29 қарашада  Санкт-Петербургте концерт береді.

«Барклайс-центр» (Barclays Center) — Бруклиндегі спорт аренасы. «Бруклин Нетс» баскетбол командасының үй алаңы және «Нью-Йорк Айлендерс» хоккей клубының алаңы, Нью-Йоркте түрлі шара өткізу бойынша «Мэдисон-сквер-гарденнің» негізгі бәсекелесі.

Аренада әлемдік шоу-бизнестің жұлдыздары үнемі өнер көрсетеді. Олардың арасында Пол Маккартни, Элтон Джон, Селин Дион, Coldplay, Ариана Гранде, The Black Keys, Крис Браун, Backstreet Boys, Iron Maiden, Рианна, The Weeknd, Kendrick Lamar және басқалар бар.