Мамандардың мәліметінше, 10 қараша күні сағат 18.00-де жауын-шашын (қар) мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Өскемен — Риддер — РФ шекарасы тасжолының 15-105-шақырымдары аралығында, Өскемен — Алтай — Қатонқарағай — Рахман бұлағы жолының 6-166-шақырымдары аралығында, Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы жолының 15-102-шақырымдары аралығында, көктайғақ пен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Алматы — Өскемен жолының 971-1068-шақырымдары аралығында жолаушы тасымалдайтын автокөліктердің жүруіне шектеу қойылды.
«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметінше, 11 қарашада Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы аумағында толассыз жауын-шашынға байланысты тау өзендерінде су тасу қаупі де бар.