Әбіш Кекілбаев — Қазақ әдебиетіне «Үркер», «Елең-алаң» романдары секілді шоқтығы биік туындылар әкелген. Абыз тұлға саналы ғұмырында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Мемлекеттік хатшысы, Парламент Сенатының депутаты болды. Бірнеше орден-медальдермен марапатталған. Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.