Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, автобустар қала тұрғындарының өтініші бойынша жаңарған.
Бұл көліктердің ұзындығы — 12 метр, едені төмен орналасқан. Автобустар табиғи газбен жүреді, ішіне кондиционер мен видеобақылау орнатылған. Отыратын 22, қимылы шектеулі жандарға арналған үш орындық бар. Автобусқа 102 адам сыяды, — деп жазылған хабарламада.
№92 бағыт автобустары Түркісіб, Алмалы және Әуезов аудандарының тұрғындарына қала орталығына қатынауға ыңғайлы. Халықаралық Алматы әуежайы соңғы аялдамасы болып белгіленді.